Иран Президенті Масуд Пезешкиан Әзірбайжанға барады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Масуд Пезешкиан ағымдағы жылдың 3-4 шілдесінде Ханкендиде өтетін Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҰ) мүше мемлекеттердің XVII саммитіне қатысу үшін Әзірбайжанға барады.
Сапар барысында Пезешкиан қатысушы елдердің басшыларымен екіжақты бірқатар кездесу өткізіп, көлік дәліздерін дамытуға, өзара инвестиция мен жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастықты арттыруға ықпал ететін перспективалық жобаларды талқылайды.
Иран Президентінің шараға қатысуы Теһранның қазіргі күрделі халықаралық жағдайда белсенді ынтымақтастық пен өзара тиімді шешімдер іздеуге әзірлігін көрсетеді.
Саммит Орталық және Оңтүстік Азия, Таяу Шығыс және Кавказ елдері арасындағы экономикалық, техникалық және мәдени ынтымақтастыққа бағытталған аймақтық үкіметаралық ұйым ЭЫҰ-на мүше елдерді біріктіреді.












