Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасыда болған ұшақ апатында жақындарынан айырылған отбасыларға және барша достас корей халқына көңіл айтты.
Еуразия Тудейдің Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Мемлекет басшысы бұл туралы бүгін, 30 желтоқсанда Корея Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Чой Сан Мокқа жолдаған көңіл айту жеделхатында мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Муан әуежайында болған ұшақ апатының салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жазды.
Президент жақындарынан айырылған отбасыларға және барша достас корей халқына көңіл айтып, апаттан зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.












