Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Брюссельге ресми сапармен келді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Бельгия астанасының халықаралық әуежайында Өзбектанның Мемлекет басшысын Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Эдуардс Стипрайс және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
24 қазанда Өзбекстан Президенті Еуропалық Кеңестің төрағасы Антонио Костамен және Еуропалық Комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйенмен келіссөз жүргізеді, сондай-ақ бельгиялықтардың королі Филипппен кездеседі.
Елбасы Өзбекстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсіміне қатысады.
Сапар аясында жетекші еуропалық компаниялар мен қаржы институттарының өкілдерімен дөңгелек үстел отырысы да өтеді.












