Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Ресей Федерациясына ресми сапары аясында Қазан қаласында Татарстан Республикасының Раисы Рустам Миннихановпен кездесті.
Кездесу басында металл өңдеу, ақпарат-коммуникация өнеркәсібі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы перспективалық ынтымақтастық жобаларын жүзеге асыру, сондай-ақ білім беру, туризм және жастар саясаты салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.
Кездесу нәтижесінде бірлескен жол карталары негізінде негізгі бағыттар бойынша тәжірибелік әріптестік жобаларын ілгерілету туралы келісімге қол жеткізілді.
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев Ресей Федерациясына ресми сапарының бағдарламасы басталатын Қазан қаласына қазанның 5 күні келген болатын.
Ғабдолла Туқай атындағы халықаралық әуежайда мемлекет басшысын Ресей Премьер-министрінің орынбасары – Индустрия және сауда министрі Денис Мантуров пен Татарстанның Раисы Рустам Минниханов күтіп алды.
Сапар бағдарламасына сәйкес Қазан қаласында бірқатар іс-шара өтті.














