Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады.
Еуразия Тудейдің ӨР Президенті баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен желтоқсанда 25-26 күндері өтетін ТМД және ЕАЭО саммиттеріне қатысу үшін жұмыс сапарымен Санкт-Петербург қаласына барады.
Өзбекстан Республикасының көшбасшысы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуі мен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына бақылаушы мәртебесінде қатысады.
Саммиттердің күн тәртібінде аталған көпжақты бірлестіктер аясындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің өзекті мәселелері қарастырылады. Бірлескен жұмыстың негізгі нәтижелері шығарылып, келесі жылы практикалық өзара іс-қимылдың басым бағыттары бойынша пікір алмасылады.












