Израильдің барлау қызметі Моссад Иранның шығысында осы елдің қауіпсіздігіне қарсы жоба бастады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Израиль Иранның он екі күндік соғыстан кейінгі жойқын жауабында сәтсіздікке ұшырағаннан кейін өзінің ескі құралына, яғни лаңкестік топтар мен жалдамалы арналарын пайдаланып, Иранның шығысында әрекет жасауға көшті.
Моссадтың Иранның оңтсүтік-шығысындағы шекараларындағы әрекеттерін, әсіресе бәлуч лаңкестік топтарын ұйымдастырып, жұмылдыру үшін талпыныс жасауын тура осы аяда қарастыруға болады. Мұндағы мақсаты — әртүрлі атаумен Иранның ұлттық қауіпсіздігіне қарсы жылдар бойы әрекет еткен ескі, негізсіз желілері үшін жаңа бір бейне қалыптастыру.
Соңғы айларда Моссад келімсектер мен жалдамалы содырларды, тіпті ДАИШ-тың қалдықтарын пайдаланып, жаңа бір әрекет бастады. Осы желінің мақсаты «Бәлучестан біріккен майданы» деген атаумен жалған ұйым құру болды. «Джейш әл-Зұлм» тобының қолбасшылары бірінің бәлуч лаңкестік топтарын біріктіру туралы сөзі аймақта жаңа бір жобаның қалыптасып келе жатқанын көрсетеді.
Осы тұрғыда Иранның Систан мен Бәлучестан останының тұрғындары бөтен күштермен ешқандай ынтымақтастық жасамайтындықтарын кесіп айтты.














