Рим Папасы Лев XIV Палестина мемлекетін құру мен тануды ұзақ жылға созылған Палестина мен Израиль арасындағы қақтығысты шешудің жалғыз жолы деп атады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Рим Папасы Лев XIV кеше, жексенбі, 30 қараша күні Түркиядан Ливанға аттанар алдындағы сапары барысында мәлім етті.
Лев XIV тілшілердің сұрақтарына жауап беріп: “Израильдің бұл шешімді әлі қабылдамай отырғанын бәріміз білеміз. Алайда біз бұл қадамды қақтығысты шешудің жалғыз жолы санаймыз. Біз Израильмен жақсы байланыстамыз және екі тарап арасында әділ шешім табуға көмектесетін араағайын болуға тырысамыз”, — деді.
Рим-католик шіркеуі басшысысының 27 қараша күні Түркияға барған 2 желтоқсанға дейін жалғасатын Ливанға сапары — мамыр айында сайланғаннан кейінгі алғашқы шетелдік сапары.
Айта кетейік, Ватикан Палестинаны мемлекет ретінде 2015 жылы ресми түрде мойындады. Сол сәтте Израиль Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап, Ватиканның бұл шешімі Таяу Шығыстағы бейбітшілік үдерісіне ықпал етпейтінін айтты.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху қараша айында аумақтың кез келген жерінде Палестина мемлекетін құруға қарсылығы өзгермегенін мәлімдеді.



















