Шанхай ынтымақтастық ұйымы Иранның Шығыс Әзірбайжанында терроризмге қарсы бірлескен «Саһанд 2025» жаттығуын өткізіп жатыр.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Ислам революциясы Сақшылар корпусы құрлық күштерінің қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің терроризмге қарсы бірлескен жаттығуы бүгін дүйсенбі, 1 желтоқсаннан бастап бес күн бойы Шабестар қаласының Имам Заман механикаландырылған бригадасының операциялық аймағында өтетінін айтты.
Ол сөзін жалғастырып: «Қарулы Күштердің Бас штабының, Ислам революциясы Сақшылар корпусының, Сыртқы істер министрлігі мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының терроризмге қарсы күрес жөніндегі атқарушы комитетінің өзара әрекеттесуі мен ынтымақтастығына негізделген «Саһанд 2025» жаттығуы ерекше стратегиялық маңызға ие.
Иран әрқашан терроризм мен террористік топтарға қарсы күрестің орталығы болды. Соңғы 46 жылда 17 000-нан астам отандасымыз лаңкестердің қолынан қаза болды», — деді.
















