Қазақстанның жоғары оқу орындарында 35 075 шетелдік студент білім алып жатыр.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша биыл 2025 оқу жылы Қазақстанның жоғары оқу орындарында 88 мемлекеттен келген 35 075 шетелдік студент білім алып жатыр.
Осылайша Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі жетекші білім беру орталықтарының бірі ретінде өз позицияларын қарқынды түрде күшейтіп келеді.
Бұл көрсеткіш интернационалдандыру үдерісінің тұрақты өсімі мен отандық жоғары білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін дәлелдейді.
Шетелдік студенттер санының өткен жылмен салыстырғанда 11 пайызға өсуі Қазақстанның сапалы білім беру бағдарламаларын, халықаралық академиялық орта мен кәсіби дамуға кең мүмкіндіктер ұсынатын толыққанды білім беру орталығын қалыптастыру кезеңінде екенін айқын көрсетеді.
Шетелдік студенттердің құрылымы білім алушылар географиясының айтарлықтай кеңейгенін байқатады: Үндістаннан 9 959, Түрікменстаннан 9 089, Өзбекстаннан 4 136, Қытайдан 3 367, Ресейден 2 426 студен білім алуда.
Оңтүстік Азия, Орталық Азия және Қытайдан келетін студенттердің жоғары үлесі Қазақстанның медицина, инженерия, IT және әлеуметтік-экономикалық бағыттарын таңдаған.
Дереккөзі: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі












