Екі аптадан астам уақыт бойы 100 доллардан төмен түспеген мұнай бағасы енді барреліне 113 доллардан асты.
Еуразия Тудейдің хабарлауынша, бүгін мұнай бағасы 4 долларға өсіп, барреліне 113,14 долларға жетті.
Бес ай бұрын, мамыр айының ортасында Brent маркалы мұнайдың бағасы 114 доллардан асқан болатын. Бірнеше күннен кейін 112 доллар болды. Дегенмен содан бері мұнай бағасы бұл деңгейге қайта жеткен жоқ.
Бірнеше сағат бұрын Иран Мәжілісінің төрағасы Мұхаммад Бақер Қалибаф әлеуметтік желідегі парақшасында АҚШ басшыларына қаратып былай деп жазды: «Иранға қатысты қате жолды таңдау сіздер үшін кемінде 10 ащы салдарға жеткізеді: қор нарығының құлдырауынан бастап, жойғыш ұшақтардың құлауына дейін, қарыздың өсуінен инфляция мен қаза тапқан сарбаздарыңыздың санының артуына дейін».
Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Ормұз бұғазы арқылы көп мұнай өтіп жатқанын тағы жазды. Алайда мұнай нарығының сарапшысы Джош Янг оның бұл мәлімдемесін ишаралап “өтірік айтады деді.
Ол былай деп жазды: «Саясаткердің өтірік айтып тұрғанын қайдан білуге болады? Ерні қимылдап түрғанынан!»
Экономикалық сарапшылардың пікірінше, мұнай бағасының 110 долларға жетуі АҚШ экономикасына қысымның күшейе бастағанын білдіреді. Ал қазір Brent маркалы мұнайдың бағасы 111,14 доллар, АҚШ-та өндірілетін шикі мұнайдың бағасы да барреліне 100 доллардан асты.












