Мысырдың зиялылары соғыс басталған жағдайда Израильден ештеңе қалмайтынын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің Maan агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Израиль режимінің Қаржы министрі Бецалель Смотричтің Мысырға қатысты қоқан-лоқы сипатындағы мәлімдемелері екі ел арасында шиеленіс туғызды.
Израиль режимінің қаржы министрі Бецалель Смотричтің Мысыр Израильге шабуыл жасайтын болса, Синай түбегін жойып жіберу туралы жуырдағы мәлімдемелеріне Мысырдың бірқатар депутаттары, журналистері және қоғам қайраткерлері үн қатты.
Олар соғыс басталған жағдайда Израильден ештеңе қалмайтынын мәлімдеді.
Смотрич Мысырда 1973 жылғы Қазан соғысының жылдығына арналған шаралар өтіп жатқан кезде, егер Мысыр Израильге шабуыл жасайтын болса, Синай түбегінен ештеңе қалмайтынын айтқан.
Мұның алдында Мысыр президенті Абдел Фаттах әс-Сиси елінің өз аумағынан бас тартпайтынын және Мысыр қарулы күштері мемлекетті қорғауға дайын екенін мәлімдеген болатын.
Айта кетейік, Мысыр мен Израиль арасындағы қарым-қатынас 1979 жылғы Мысыр-Израиль бейбіт бітіміне негізделген.
Кэмп-Дэвид келісімдеріне 1978 жылы АҚШ-тың демеушілігімен қол қойылды.
Бейбіт бітім 1979 жылы 26 наурызда жасалды. Мысыр Израильді мойындаған тұңғыш араб мемлекеті болды.
Синай түбегі демилитаризацияланған аймақтар мен қауіпсіздік уағдаластықтары аясында Мысырдың толық егемендігіне қайтарылды.















