Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сұхбатта Украина дағдарысын талқылады.
Еуразия тудейдің хабарлауы бойынша Нарендра Моди бұл туралы X әлеуметтік желісінде жазды:
«Досым президент Путинмен өте жақсы және егжей-тегжейлі сөйлестім. Мен оған Украинадағы оқиғалармен бөліскені үшін алғыс айттым».
Путин мен Моди сондай-ақ екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті тереңдетуге бейілді екендіктерін растады.
Премьер-министр Ресей басшысымен Үндістанда кездесуді асыға күтетінін, оның биыл өтуі мүмкін екенін хабарлады.
Кремль баспасөз қызметінің мәліметі бойынша Владимир Путин Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен телефон арқылы сұхбатта 6 тамызда Мәскеуде АҚШ Президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткоффпен болған әңгіменің негізгі нәтижелерімен бөлісті. Бұл ақпарат үшін алғыс білдірген Премьер-Министр Үндістанның Украина төңірегіндегі жағдайды саяси-дипломатиялық жолмен реттеуге деген дәйекті ұстанымын растады.












