НАТО-ның Балқандағы алғашқы әуе базасы Албания аумағында ашылды. Бұл туралы Албания Премьер-министрі Эди Рама мәлімдеді.
«Военное дело» сайтының мәліметінше, Кучова әуе базасы 4 наурыз күні салтанатты түрде ашылды.
НАТО Албаниядағы кеңестік кезеңдегі ескі әскери базаны жаңартып, оны өз операциялары үшін хабқа айналдыру туралы шешім қабылдады.
Әскери база Тирана қаласынан оңтүстікке қарай 80 шақырым жерде Берат округінде орналасқан. 1950-1990 ж.ж. бұл жер «Сталин» деп аталған.
Албания аумағындағы ескі әуе базаны қайта құру жөнінде іс 2018 жылы басталып, 1955 жылдан 1990 жылға дейін Албания әуе күштерінің авиациясы қолданған ескі әскери аэродром таңдалған.
Альянс бұл жобаға қомақты қаржы жұмсады.
Жалпы базаны толық қалпына келтіруге 50 миллион еуро бөлінген. База НАТО-ның заманауи инфрақұрылыммен жасақталған Батыс Балқан аймағындағы алғашқы әуе базасы болмақ. Базаның құрылысы 2019 жылы басталды.
Айта кетейік, НАТО-ның бұл жобасы Албания аумағындағы ең ірі жоба болып табылады. Албания НАТО құрамына 2009 жылы қосылды.












