New York Times газеті Иранның Венесуэла емес екенін, әскери әрекет аймақты қатты тұрақсыздандыратынын мәлімдеді.
Америкалық басылым Иранның ядролық бағдарламасын аймаққа немесе АҚШ-қа төніп тұрған шұғыл қауіп емес деп атады.
Осы газеттің жазуы бойынша кез келген жаңа әскери қадамның салдары бұрынғыдан да бетер тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін; Трамптың қоқан-лоқылары Иранды келіссөздер үстеліне отыруға мәжбүрлеуді көздейді; Маусым айында шабуылға ұшыраған үш нысандағы көмілген байытылған уран әлі де өз орнында тұр; Ирандағы кез келген операция Америка Құрама Штаттарының Венесуэладағы әрекеттеріне қарағанда әлдеқайда қиын болады.












