Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 78-сессиясы аясында Шанхай ынтымақтастық ұйымы кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті.
Өзбекстан СІМ Бахтиор Саидовтың Телеграм каналында хабарлауы бойынша Өзбекстан, Беларусь, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғыз Республикасы, Пәкістан, Ресей және Тәжікстан елдерінің Сыртқы істер министрлері Ұйымның аймақтық күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелерді шешудегі тиімді халықаралық құрылым ретіндегі жетекші рөлін қуаттады.
Сонымен қатар Самарқанд саммитіндегі мемлекет басшыларының шешімдері негізінде ШЫҰ-ны жаңғырту мәселелері, сондай-ақ БҰҰ-мен өзара іс-қимыл перспективалары бойынша пікір алмасты.












