Нью-Йорк қаласында 2023 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезектен тыс отырысы өтеді.
Бұл туралы Қазақстан СІМ Ресми өкілі А.Смадияров брифингте хабарлады.
Күн тәртібіне Шанхай ынтымақтастық ұйымын дамыту перспективалары, оның әлеуетін жетілдіру, сондай-ақ өзекті халықаралық және өңірлік проблемалар тұрғысынан аталған ұйымның БҰҰ-мен өзара іс-қимылын тереңдету мәселелері кіреді.
Аталған іс-шара Мемлекет басшысының ШЫҰ тетіктері мен органдарының қызметін реформалау жөніндегі бастамасын іске асыру бойынша пікір алмасу мақсатында өткізіледі.



















