Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға жұмыс сапарымен келді.
Мемлекет басшысын Астананың халықаралық әуежайында ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 30 мамырда Астанада өтетін Орталық Азия – Италия форматындағы саммитке қатысады.
Саммитке аймақ елдерінің басшылары мен Италия премьер-министрінің қатысуы көзделіп отыр.
Күн тәртібіне сәйкес саммите ең алдымен, «жасыл» экономика, инвестиция, инновациялар, ғылым және білім салаларындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері қарасытырады.














