Өзбекстандағы Жаңа Андижан қаласы Бабур деп аталатын болды.
Еуразия Тудейдің Өзбекстан Президенті баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша жаңа қалаға Бабур есімін беруді осы елдің Президенті Шавкат Мирзиёев ұсынды.
Андижан Захириддин Мұхаммед Бабырдың туған жерімен де әйгілі. Осыған байланысты ӨР Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёев: “Бабур Мирзо – Темір билеушінің қайта өрлеу дәуірінің лайықты жалғастырушысы, ұлы тұлға – ғылымның, мәдениеттің, өнер мен әдебиеттің, адамдық дарынның меценаты. Оның қайталанбас мұрасы халқымызды әлемге әйгілі етті. Оның есімімен аталатын қаланың салынуы ұлы баба арманының символдық орындалуы болмақ”, – деді.
Жаңа қалада балабақшалар, мектептер, университет, мұражай, кітапхана және IT паркі бар ауқымды білім беру кластері салынады. Университет құрамына халықаралық стандарттағы заманауи спорт кешені кіреді.
Бабыр қаласы ұлттық құндылықтарды бейнелейтін рухани орталыққа, жастарға шабыт ұясына, жаңа туристік-мәдени орталыққа, озық технологиялары бар «ақылды қалаға» айналады.
Саябақтың ең биік жерінде Захириддин Мұхаммед Бабырдың жаңа, зәулім ескерткіші бой көтереді.
Бұл жоспарларды жүзеге асыру үшін 250 миллион доллар көлемінде қаржыландыру қарастырылған арнайы бағдарлама қабылданады.












