Оксфордтың ағылшын тілі сөздігі 2023 жылы жиі қолданған сөзді анықтады.
2023 жылы жиі қолданған сөз – «ризз» жаргон термині. Бұл туралы Оксфорд университетінің Oxford University Press баспасы хабарлады.
«Стиль, сүйкімділік немесе тартымдылық арқылы адамдарды баурап алу қабілеті» деген мағынаны білдіретін «ризз» сөзі «харизма» сөзінің қысқартылған нұсқасы болып табылады. Бұл терминді әлеуметтік желілерде ағылшын тілінде сөйлейтін жастар белсенді қолданады.
Тақырыпқа орай:
«Ризз» – әлеуметтік желілерде пайда болған термин.
«Ризз» сөзі 2022 жылы пайда болды. Бұл сөздің қолданысы Том Холландпен сұхбаттан кейін күрт өсті. Buzzfeed-ке берген сұхбатында актер өзінің харизмасы жоқ екенін айтып: «Менде мүлде «ризз» жоқ», – деген еді.
Oxford University Press биыл жыл сөзі жаңа формула бойынша таңдалғанын атап өтті. Алдымен лингвистер «жылдың көңіл-күйін көрсететін» сегіз сөзден тұратын тізім жасап, кейін жұртшылыққа ең қолайлы нұсқаларды таңдау мақсатында дауыс беруге ұсынылған. Нәтижесінде төрт сөз іріктеліп, оның ішінде сарапшылар соңғы «ризз» сөзіне таңдау жасаған.
«Ризз» сөзінен басқа, тізімде «свифти» (Swiftie) және «промпт» (prompt) сөздері де бар.










