Әлемдегі ең көне университеттердің бірі Оксфорд университетінде қазақ тілі оқытылатын болды.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Оксфорд университеті арасында қол қойылған өзара ынтымақтастық туралы келісім негізінде Оксфорд университетінде қазақ тілін оқыту қолға алынатын болды.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының басшыларынан құралған қазақстандық делегация әлемдегі ең беделді университетке барды.
Ұлыбританияның оқу орнына арнайы барған делегация өкілдеріне Оксфорд Бодлиан кітапханасының Қазақстанға қатысты эксклюзивті көне қолжазбалары көрсетілді.
Сонымен қатар университетте экскурсия өтіп, тарихы таныстырылды.
Министр Саясат Нұрбек британдықтарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен даярланған Oxford Qazaq сөздігінің алғашқы басылымын таныстырды.












