Омандағы мешіт маңында болған атыс салдарынан төрт адам көз жұмды.
Еуразия Тудейдің Times of Oman газетіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, оқиға орнында төрт адам қаза тауып, тағы бірнеше адам жарақат алған.
Оман Корольдігінің полициясы бүгін, 16 шілде күні ел астанасы Маскатта Вади-эль-Кабир аймағындағы мешітте болған атыс оқиғасына қатысты зерттеу жұмыстары жүргізіліп, істі бақылауға алу үшін қажетті қауіпсіздік шаралары қолданылып, айғақтар жинастырылып жатқанын мәлімдеді.
Сондай-ақ, полиция қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тіледі.
Шабуылдаушының мылтықтан оқ атуы сияқты жағдайлар Оманда сирек кездеседі.












