Оңтүстік Кореяда кезектен тыс өткен президенттік сайлауда оппозициялық «Тобуро» демократиялық партиясының кандидаты Ли Чжэ Мён жеңіске жетті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Ли Чжэ Мён сайлаушылардың 49,2 пайыз дауысын жинады.
Сеулдегі Ұлттық сайлау комиссиясы бүгін, сәрсенбі, 4 маусым күні таңертең бюллетеньдердің 96,74 пайызы саналғанын мәлімдеді.
Ли Чжэ Мённің басты қарсыласы “Халық күші” партиясының өкілі Ким Мун Су сайлаушылардың 41,4 пайыз дауысын жинап, жеңілгенін мойындады. Ол президенттік сайлауда жеңіске жеткен кандидатты құттықтап: “Мен халықтың шешімін кішіпейілділікпен қабылдаймын”, — деді.
Оңтүстік Кореяда өткен 21-ші президенттік сайлауға сайлаушылардың қатысуы 79,4 пайызды құрады. Бұл 1997 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.
Айта кетейік, Оңтүстік Кореяда кеше, маусымның үші күні осы елдің бұрынғы Президенті Юн Сок Ёлдің орнына жаңа президенттік сайлауға дауыс беру өтті. Президент сайлауы мерзімінен бұрын өткізілді.
Юн Сок Ёль 15 қаңтарда ұсталып, 4 сәуірде президент қызметінен ресми түрде шеттетілді.



















