Ресей Әлемдік экономика институтының аға ғылыми қызметкері Николай Сухов Ормұз бұғазын Иранның жаңа атом бомбасы деп атады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Николай Сухов америкалықтардың бұл соғыстың зардаптарын дұрыс есептемегенін мәлімдеді.
Осы мәліметке сәйкес, зардаптардың бірі — Иранның іс-әрекеттері нәтижесінде бүкіл әлемді шарпыған энергетикалық шок. Бұған дейін Иранда ядролық қару болған жоқ, бірақ қазір оларда жаңа «ядролық қару» бар деп айтуға болады. Бұл — Ормұз бұғазы.
Бұл соғыстағы ең ерекше жайт — Иранның таңғалдырарлық қарсыласуы. Мен Таяу Шығыс бойынша сарапшы ретінде Иранда Венесуэла сценарийі қайталанбайтынын білдім, өйткені Иранның әрқашан қарсыласуға және құрбандыққа баруға дайын екеніне сенімді болдым.
Бұл шабуылдың басты мақсаты режимді өзгерту болды. Себебі америкалықтар егер жоғары шенді әскери қолбасшылар мен жоғары діни-саяси лидерлердің көзін жойсақ, Иран да Венесуэладағыдай беріле салады деп үміттенді.












