Кеме қатынасы және оған қарасты қызметтер қауымдастығының бас хатшысы Парсы шығанағындағы барлық араб елдері айлақтарының жабылғанын хабарлады.
Еуразия Тудейдің хабарлауынша, Кеме қатынасы және оған қарасты қызметтер қауымдастығының бас хатшысы Масуд Полмеһ Парсы шығанағының оңтүстігіндегі барлық елдердің айлақтары өз жұмысын тоқтатқанын мәлімдеді.
Ол осы саланың статистикалық мәліметтеріне тоқталып, былай деді: «Бұған дейін күніне шикі мұнай, газ және мұнай өнімдерін тасымалдайтын 110 кеме Парсы шығанағынан шығып, Ормұз бұғазы арқылы өтетін. Алайда қазір бұл көрсеткіш күніне нөлге дейін төмендеді».
Ол Джебел Әли айлағының аймақтық хаб болғанын айтып: «Жыл сайын бұл айлақ арқылы 12 миллионнан астам контейнер кіріп-шығып, аймаққа таратылатын.
Бұл айлақ іс жүзінде басқа елдер айлақтарының қозғалтқышы мен драйвері рөлін атқарды. Бұл айлақ жұмыс істемеген кезде, оның салдары басқа айлақтардың да жабылуына және жұмыссыздықтың артуына әкеп соғатыны заңды құбылыс» деді.
Оның айтуынша, кемелер Ормұз бұғазынан өтпеген жағдайда, аймақ елдерінің айлақтарына кіру және шығу тоқтатылып, олардың коммерциялық қызметі толық бұзылады.












