Иран Президенті Масуд Пезешкиан ешбір күштің қастық әрекетімен Иран халқының ілгерілеуін тоқтата алмайтынын айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Президент Пезешкиан Альборз провинциясының басшылары және халық белсенділерімен кездесуінде мәлімдеді.
Пезешкиан кездесуде сөйлеген сөзінде: “Израиль, Еуропа және АҚШ Иранды әлсіз деп санап, қателеседі. Ешбір күш Иран халқының дамуы мен өркендеуін өздерінің қастық әрекеттерімен тоқтата алмайды.
Халықтың қолдауы және көмегімен үлкен істер жасауға болатынына сенімдімін.
Біз өз аяғымызбен нық басып тұру сеніміне ие болған кезде қалаған нәрсемізге қол жеткізе аламыз. Біздің күш-жігеріміз дамуға және халыққа қызмет етуге бағытталуы керек”, — деді.












