Пезешкиан мен Путин бүгін қаңтардың 16 күні телефон арқылы сұхбаттасты.
Еуразия Тудейдің Кремль баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесу барысында Иран басшылығының елдегі жағдайды қалыпқа келтіру бойынша жасап жатқан белсенді күш-жігері туралы хабардар етті.
Сұхбатта Ресей мен Иранның Иран төңірегіндегі және жалпы аймақтағы шиеленісті тезірек бәсеңдетуді жақтайтын, сондай-ақ туындаған мәселелерді тек саяси-дипломатиялық құралдармен шешуді қолдайтын ортақ ұстанымдарды дәйекті түрде ұстанатыны атап өтілді.
Ресей-Иран стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтуға және түрлі саладағы бірлескен экономикалық жобаларды іс жүзінде жүзеге асыруға деген екіжақты ниет расталды.












