Иран Президенті Масуд Пезешкиан президенттігінің алғашқы жүз күндігіне орай маңызды телесұхбат беріп, жаңа әкімшілігінің қызмет ету мерзімінің басында кездескен қиындықтары мен мүмкіндіктерін атады.
Еуразия Тудейдің сарапшы Ибраһим Фаллахидің мақаласына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Президент Пезешкиан сұхбатында тұрақсыз саяси жағдай мен экономикалық қысым аясында үкіметінің инфляция және ресурстардың теңгерімсіздігімен байланысты мәселелерді шешуге және халықаралық экономикалық серіктестікті дамытуға бағытталған әрекетін баяндады.
Сұхбат Пезешкиан әкімшілігінің экономиканы жандандыру бойынша көп қырлы стратегиясын, соның ішінде өндірістік-тұтынушылық теңгерімсіздікті, субсидияларды шешу, инфляцияны тұрақтандыру және тұрғын үйге қолжетімділікке басымдық беру жоспарларын ашып көрсетеді.
Президент Пезешкиан ұзақ мерзімді реформаларға назар аударып, тұрақты өсуге қол жеткізу үшін ашықтық, ынтымақтастық және прагматикалық саясаттың маңыздылығын баса айтты.
Бұл мақалада Президенттің экономикалық саладағы әкімшілігінің жоспарлары қарастырылады.
Экономикалық мәселелер және бюджеттік жоспарлау
Президент Пезешкиан сұхбатында 14-ші Үкіметтің алдында тұрған бірнеше маңызды экономикалық мәселеге тоқталып, еліндегі қаржылық дағдарыстарды шешуде ашықтық принциптерін ұстануға баса назар аударды.
Масуд Пезешкиан мемлекеттік бюджет қысқа мерзімде дайындалғанын, бұл мәселеде барлық көрсеткішті нақты көрсету басты міндет екенін айтты.
Кейбір сыншылар бюджетті экспансия деп санағанымен, Пезешкиан оның инфляциялық саясатты жүргізу үшін емес, қаржылық шындықты ашық көрсету үшін жасалғанын түсіндірді.
Энергетика саласындағы теңгерімсіздікті Президент энергия өндіру мен тұтынудағы елеулі теңгерімсіздікке назар аударып, қазіргі жағдайды «жаңадан келе жатқан дағдарыс» деп атады.
Президент электр энергиясын өндіру мен ұлттық қажеттіліктер арасындағы сәйкессіздік, жан басына шаққандағы шамадан тыс тұтыну Ұлыбритания, Канада және Германия сияқты елдерге қарағанда айтарлықтай жоғары ресурстардың сарқылуына әкелгенін баса айтты.
Президенттің айтуынша, мысалы, бұрын 3 миллиард текше метрден асқан электр станцияларындағы мұнай мен газ қоры биыл 1 миллиард текше метрге дейін қысқарды. Бұдан шығатын қорытынды, әрекет жасалмаса, қыста газ беруде үзілістерге әкелуі мүмкін тапшылық күтіледі.
Бұл ретте Пезешкиан уақытша шаралардан гөрі тұрақты шешімдердің қажеттілігін баса айтты.
Үкімет экономикалық жол картасы және стратегиялық бастамалар мәселесін шешу үшін құрамына Экономика министрі, Орталық банк өкілдері мен ғылыми сарапшылар кірген экономика бойынша жұмыс тобын жинады.
Бұл топ төменде көрсетілген бес негізгі бағытты анықтады: Инвестициялар мен өндірістің өсуі: Өндірістік қуатты арттыру үшін отандық және шетелдік инвестицияларды ынталандыру.
Құрылымдық теңгерімсіздіктерді жою: экономиканы тұрақтандыру стратегияларын әзірлеу.
Үй шаруашылығының әл-ауқаты және азық-түлік қауіпсіздігі: Маңызды тауарлар мен қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Бюджеттік теңгерімсіздіктерді жою: Ресурстарды тиімді бөлуге басымдық беру.
Өнеркәсіп және экономикалық өсу факторлары: Экономикалық өсу әлеуеті жоғары салаларға назар аудару.
Президенттің айтуынша, нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін бұл бағыттар 25 кіші бағдарламаға бөлінген.
Инфляция және халықтың әл-ауқаты
Пезешкиан соңғы бес жылда орташа есеппен 40 пайызды құрайтын инфляция маңызды мәселе болып қала беретінін мойындады.
Үкімет жанармай бағасының өсуіне жол бермеу және ресурстарды қайта бөлу арқылы инфляциямен күресуді жоспарлап отыр. Дегенмен, Президент экономиканы тұрақтандыру үшін қатаң шешімдер қабылдаудың, оның ішінде субсидияларға түзетулер енгізудің маңыздылығын атады.
Халықаралық экономикалық ынтымақтастық
Сыртқы саясатқа қатысты Пезешкиан аймақтық және жаһандық экономикалық қатынастарды нығайтуға күш салудың маңыздылығын атады.
Иран халықаралық жетекшілермен жүзден астам жоғары деңгейдегі кездесу өткізіп, сауда келісімдері мен серіктестіктерді алға тартты.
Еуразиялық экономикалық одақпен алдағы ынтымақтастық және Қытай, Ресей және Үндістанмен екіжақты келісімдер тарифтерді төмендетуге және ирандық өндірушілердің нарыққа қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Бұл келісімдер, әсіресе, энергетика және көлік салаларында Иран экономикасын жандандыру үшін маңызды болып саналады.
Пезешкиан қоғамға нақты пайда келтіру үшін отандық өнеркәсіп мүмкіндіктерін халықаралық мүмкіндіктермен үйлестірудің маңыздылығын атады.
Қорытынды
Сұхбатта Иранның экономикалық мәселелері мен Үкіметтің оларды шешудегі жан-жақты әркеттері баяндалды.
Өндірістік-тұтынушылық теңгерімсіздікті, инфляцияны және халықаралық сауда кедергілерін шешу арқылы әкімшілік тұрақты өсу үшін жағдай жасауға үміттенеді.
Пезешкиан сұхбатта алда тұрған міндеттер туралы ашық айтып, қиын кезеңді еңсеру үшін бірлікке, сарапшылар кеңесі мен қоғамдық қолдауға шақырды.












