Иран Президенті Масуд Пезешкиан кеше, жұма күні Мәскеуге ресми сапарының басында Ресейдегі Белгісіз солдат бейітіне гүл шо,ғын қойды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Президенті Масуд Пезешкианның қасында РФ Энергетика министрі Сергей Цивилев және екі ел арасындағы ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссияның ресейлік тарапының басшысы жүрді.
Салтанатты шара құрметті қарауыл оркестрінің сүйемелдеуімен өтті.
Президент Пезешкиан кеше, қаңтардың 17 күні ресейлік әріптесі Владимир Путиннің ресми шақыруымен және екіжақты қарым-қатынасты кеңейту, сондай-ақ Иран Ислам Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қою мақсатында Мәскеуге келді.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мәскеудің бұл құжатқа қол қоюға үлкен мән беретінін айтқан болатын.
Сонымен қатар, Иранның Мәскеудегі елшісі Казем Джалали ТАСС агенттігіне берген сұхбатында кешенді стратегиялық серіктестік туралы келісім екі ел арасында түрлі саладағы өзара іс-қимылды кем дегенде 20 жылға анықтайтынын айтты.



















