Әлем елдерінің көптеген көшбасшылары Масуд Пезешкианды Ирандағы президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтап, хат жолдап жатыр.
Еуразия Тудейдің Иорданияның Petra агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша Иордания королі Абдалла II бен Хусейн Масуд Пезешкианды Иран Ислам Республикасының президенттік сайлауындағы жеңісімен құттықтады.
Абдалла II бен Хусейн Масуд құттықтау хатында сайланған президенттің жұмысына табыс, Иран халқына одан әрі өркендеу тіледі.
Мысыр президенті Әбдел Фаттах әл-Сиси де Масуд Пезешкианға хат жолдап, оны Иран Ислам Республикасының президенттік сайлауындағы жеңісімен құттықтады.
Евразия тудейдің Al Youm As Sabi ақпарат сайтына сілтеме жасап хабарлауы бойынша әл-Сиси өз хатында Пезешкианның сайлануын Иран халқының сайланған президенттің елге қызмет ету және оның өркендету мен дамуын жүзеге асыру қабілетіне деген сенімін көрсетеді деп баса айтты.
Мысыр президенті Әл-Сиси Пезешкианның жұмысына табыс тілеп, Иран мен Мысыр халықтары арасындағы жақсы қарым-қатынасты жоғары бағалады.
Пәкістан премьер-министрі Мұхаммад Шахбаз Шариф те Иранның жаңадан сайланған президенті Масуд Пезешкианмен телефон арқылы сөйлесіп, оны жақында өткен президенттік сайлаудағы жеңісімен шын жүректен құттықтады.
Айта кетейік, Масуд Пезешкиан 5 шілде, жұма күні өткен 14-ші президенттік сайлауда 16 384 403 дауыс жинап, Иран Ислам Республикасының тоғызыншы президенті болып сайланды.















