АҚШ Президенті Джо Байден АҚШ сайлауына шетелдіктердің араласу қаупіне байланысты төтенше жағдай режимін ұзартты.
Еуразия Тудейдің Sputnik агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, бұл бұйрық шетелдіктердің АҚШ-ғы алдағы президент сайлауына араласу қаупіне байланысты жасалды.
АҚШ Президенті Джо Байден төтенше жағдай режимін ұзарту туралы мәлімдемесінде: «Мен 13848 Жарлығымен АҚШ сайлауына шетелдіктердің араласу қаупі немесе оларға деген қоғамдық сенімнің бұзылуы туралы жарияланған Ұлттық төтенше жағдай режимін ұзарттым»,- деді.
Байден сөзінің жалғасында АҚШ билігінде кез келген шетелдік державаның АҚШ-тағы сайлаудағы нәтижелерді немесе дауыстар санын өзгерткені туралы ешқандай дәлел болмаса да, шетелдік державалар Американың еркін және ашық саяси жүйесін пайдалануға ұмтылғанын айтты. Сондай-ақ, АҚШ Президенті: «Соңғы жылдары цифрлық және интернетке кеңжолақты қолжетімділіктің кеңеюі шетелдіктердің араласу қаупінің ауқымын арттырды», — деді.
Төтенше жағдай режимін 2018 жылдың 12 қыркүйегінде АҚШ-тың бұрынғы Президенті Дональд Трамп енгізген болатын.

















