Иран Президенті доктор Масуд Пезешкиан ертең, маусымның 23 күні Пәкістан астанасы Исламабадқа барады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран Президенті әкімшілігінің қоғамдық байланыс басқармасының бас директоры Хабиболла Аббаси Масуд Пезешкианның ертең бір күндік сапармен Исламабадқа баратынын мәлімдеді.
Аббаси Президент сапарының мақсаттарына тоқталып: «Мұның алдындағы сапарлар барысында қабылданған шешімдердің орындалуын қадағалау, екі ел арасындағы экономикалық байланысты арттыру мүмкіндіктерін қарастыру және Пәкістанның Иран мен АҚШ арасындағы делдалдық мәселесіндегі белсенділігі үшін Президенттің алғыс білдіруі — бұл сапардың негізгі мақсаттары болып табылады».
Ол сондай-ақ, Пәкістанның жоғары лауазымды тұлғаларымен аймақ және халықаралық мәселелер бойынша кеңесу, бұған дейін қол қойылған уағдаластықтарды іске асыру мәселелері де Пезешкианның Пәкістан сапарының күн тәртібінде бар екенін баса айтты.
Аббасидің айтуынша, сапардың бағдарламасына байланысты Президентпен бірге бірқатар министр мен үкімет өкілдері, соның ішінде Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи де барады.
Айта кетейік, Пәкістан АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерде негізгі бейтарап делдал ретінде әрекет етіп, жоғары деңгейдегі кездесулер үшін алаңдар ұсынады және ядролық бағдарламаны реттеу, санкцияларды алып тастау, сондай-ақ аймақтағы қақтығыстарды бәсеңдету жөніндегі жол карталарын келісуге ықпал етіп келеді.
Пәкістан Премьер-министрі Шаһбаз Шариф пен осыелдің Армия штабының бастығы Асим Мунир кеше Швейцарияда өтетін АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерде де делдал ретінде әрекет етті.












