Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкек қаласына келді.
Еуразия Тудейдің Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Мемлекет басшысын Манас әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды.
Бүгін, 6 қарашада Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында «Түркі әлемін нығайту: экономикалық интеграция, тұрақты даму, цифрлық болашақ және барлығы үшін қауіпсіздік» тақырыбындағы Түркі мемлекеттері ұйымының 11-ші саммиті ашылады.
Саммитке Ұйымға мүше елдердің басшылары, сондай-ақ бақылаушы мемлекеттердің өкілдері қатысады.
Қырғызстан президенті әкімшілігінің мәліметі бойынша, мемлекеттер басшылары ТМҰ аясындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуды талқылап, ұйымның ағымдағы күн тәртібіндегі өзекті мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды, сондай-ақ бірқатар көпжақты құжатқа, соның ішінде саммиттің қорытынды декларациясына қол қояды.












