Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Мемлекет басшысы Президент Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді.
Сондай-ақ Орал қаласында өтетін ХХІ Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы қатысады.
Форумда талқыланатын негізгі тақырыптардың қатарында цифрландыру, көлік және логистика, өнеркәсіп және энергетика салаларындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамыту, аймақтарда жоғары технологиялық жұмыс орындарын қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктері, ядролық және дәстүрлі энергетика салалары үшін кадрларды даярлау, заманауи ауыл шаруашылығы технологияларына оқыту және тағы басқалар болады.
Сапар аясында екіжақты бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланып отыр.












