Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше, қарашаның он бірі күні Бакуге жұмыс сапарымен келді.
Еуразия Тудейдің Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуде Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясы аясында өтетін Дүниежүзілік климат саммитіне қатыcады.
Президент сапар барысында мемлекеттер басшыларымен, халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен және бизнес-құрылым өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.
news.un.org/ru сайтындағы мәліметке сәйкес, БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі жыл сайынғы конференциясы әлемнің барлық елі қатысатын климаттың өзгеруі саласында шешімдер қабылдауға арналған негізгі халықаралық форум болып табылады.
Іс-шараға әлемдік көшбасшылар мен ұлттық үкіметтердің мүшелерінен басқа, бизнес көшбасшылары мен климатты зерттеушілерден бастап байырғы халықтар мен жастардың өкілдеріне дейінгі әртүрлі адамдар қатысады. Олар планетадағы барлық адамдарға пайда әкелетін климаттық әрекетті ілгерілету үшін пікірлесіп, озық тәжірибелермен алмасады.












