Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Республикасына мемлекеттік сапармен келді.
Еуразия Тудейдің Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Париж әуежайында Қазақстан Президентін Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро қарсы алды.
Ертең Елисей сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Президенті Эмманюэль Макрон келіссөз жүргізеді.
Айта кетейік, Франция Президенті Эмманюэль Макрон Астанаға алғашқы сапармен 2023 жылдың қараша айының бірі күні келді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон екі мемлекеттің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізгенде Мемлекет басшысы Францияны Қазақстанның Еуропа Одағындағы маңызды әрі сенімді серіктесі деп атаған болатын.












