Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға келе алмаған Жапония премьер-министрі Фумио Киcидамен телефон арқылы сөйлесті.
Еуразия Тудейдің Ақордаға сілтеме жасап хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы әңгімелесу барысында Жапонияның оңтүстік-шығысында күшті жер сілкінісі болып, цунамидің болжануына байланысты алаңдаушылық білдіріп, жапон халқына сабыр тілеп, табиғат апатының салдары ауыр болмайды деген үміт білдірді.
Фумио Киcида Қазақстанға ресми сапарын, соның ішінде «Орталық Азия + Жапония» диалогының бірінші саммитіне қатысуын амалсыздан кейінге шегергенін өкінішпен жеткізді.
Президент Тоқаев Киcиданың елімізге ресми сапарын кейінге қалдыруы туралы шешімін толық түсінетінін айтты.
Сондай-ақ, әңгімелесу барысына тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынастардың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы және өңіраралық мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Еске сала кетейік, Жапония премьер-министрі Фумио Киcиданың Қазақстанға жоспарланған сапары Жапонияда орын алған күшті жер сілкінісі қаупінің артуы туралы ескертуге байлансыты кейінге шегерілді. Фумио Киcида кеше, 9 тамызда Астанада өтетін Орталық Азия мемлекеттерінің басшыларымен «Орталық Азия + Жапония» саммитіне қатысып, 10 тамыз күні Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздері өтуі тиіс еді.




















