Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин 27-29 мамыр күндері мемлекеттік сапармен келеді.
Еуразия тудейдің Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша мемлекеттер басшылары келіссөздер барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің және одақтастық қатынастардың қазіргі жай-күйін, сондай-ақ оны нығайту перспективасын талқылайды.
28 мамырда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтеді.
29 мамырда Жоғары Еуразиялық кеңестің отырысы ұйымдастырылады.
Айта кетейік, Владимир Путин Қазақстанға 30-дан астам рет келген. Бұл оның шетелдік барлық мемлекеттер арасындағы ең көп сапар жасаған көрсеткіші.












