Иран Ислам Республикасы Мәжілісінің төрағасы Мохаммад Бақер Қалибаф бүгін таңертең Пәкістанға келіп жетті.
Иран Спикерінің осы сапардағы жоспарларының қатарында Пәкістан Ұлттық Ассамблеясы мен Сенатының спикері және депутаттарымен және Премьер-министр Мохаммад Шахбаз Шарифпен қатар елдің жоғары лауазымды саяси тұлғаларымен кездесулер бар.
Қалибаф сапар барысында Пәкістанның мәдени және экономикалық орталықтары саналатын Лахор мен Карачиге сапар шегіп, мәдени және діни элиталарымен, бизнесмендері және саудагерлерімен кездеседі.
Айта кетейік, Иран Ислам Республикасы Мәжілісінің төрағасы Мохаммад Бақер Қалибаф Пәкістан Ұлттық Ассамблеясының спикері Айаз Садихтің ресми шақыруымен бүгін, қарашаның бесі күні қатарында Парламент спикерінің орынбасары Никзад пен Стратегия және парламент істері жөніндегі вице-президент Мохсен Исмаили, Фидах Хоссейн Малики, Мохаммад Нур Дахани, Рахмдел Бамри, Мехрдад Гударзанд және Фазлулла Ранджбар бар парламенттік делегацияны бастап, Исламабадқа ұшып келді.












