Қасым-Жомарт Тоқаев 9-10 қазан күндері Душанбеге сапармен барады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның шақыруымен Душанбеге сапармен барады.
Президент Душанбеде «Орталық Азия – Ресей» саммитіне және ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады.
Қатысушылар 8-10 қазан аралығында Душанбеде өтетін «Орталық Азия-Ресей» саммиті барысында ТМД+ жаңа форматын құру мәселесін талқылайды.















