Еуразиялық экономикалық одақ Иранға шоколад, май және тосап жеткізуді бастады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев мәлімдеді.
Министр Слепнев: “Біз жуырда Иран нарығына кондитерлік және дайын өнімдерді жеткізу мәселесін талқыладық. Себебі бұрын бұл бағытта елеулі кедергілер болды. Қазіргі уақытта бұл кедергілер жойылып, Иранға шоколад, тосап, минералды су, өсімдік майы, құс еті сияқты өнімдер жеткізіле бастады.
Сондай-ақ құбырлар, ағаш материалдары, арнайы техника мен темір жол техникасын жеткізу бойынша да белсенді жұмыс жүргізілуде”, – деді.
Иран Ислам Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы Еркін сауда туралы келісім 15 мамырда күшіне енді.
Комиссия бұл келісім одаққа мүше елдер арасындағы сауда көлемін 12 миллиард долларға дейін ұлғайтады деп есептейді.
ЕАЭО мен Иран 2019 жылы Еркін сауда аймағын құру туралы уақытша келісімге қол қойған болатын. Соның нәтижесінде 2022 жылға қарай тауар айналымы 2,5 есе өсіп, 6,2 миллиард долларға жетті.
Иран Ислам Республикасы Кеден басқармасының 2023 жылғы мәліметінше, Ресейден Иранға күнбағыс майының жеткізілімі 69,5 мың тоннаны құрады. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 2,7 есеге көп.


















