Қатар Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы ХАМАС пен сионистік режим арасында қалған күрделі тақырыптар туралы келіссөздер басталғанын хабарлады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Қатар СІМ баспасөз хатшысы «Факс Ньюс» агенттігіне берген сұхбатта: «Біз көп жылдан бері, әсіресе екі жылдың ішінде осы тарихи күнді (Газа келісіміне қол қойылуды) күтіп жүрдік. Бұл қадам аймақта тұрақтылық пен бейбітшілік орнауына себеп болады деп үміттенеміз.
Бірінші кезең жақсы өтуі үшін көптеген тақырыпты қарастыруды атысты тоқтату келісімінің екінші кезеңіне қалдырдық. Қазір Газа секторында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үдерісін талқылау және оны басқару, сонымен қатар соғыстың қайта басталмауына кепілдік қалыптастыру жөніндегі қиын әрі күрделі келіссөз басталды. Аталмыш келіссөз атысты тоқтату келісімінің бірінші және екінші кезеңдері арасында қашықтық пайда болудың алдын алу мақсатында басталды», — деді.
Мұның алдында Қатар Премьер-министрі де ХАМАС пен сионистік режим арасындағы шиеленісті тақырыптар келіссөздің екінші кезеңінде қарастырылатынын мәлімдеген болатын.












