Қазақстан мен Өзбекстан әуе кеңістігі арқылы өтетін жаңа Т916 бағытын ашты.
Еуразия Тудейдің Қазақстанның азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша бұл Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия арасын жалғайтын қосымша бағыттардың бірі. Бұл бағыт ашылғалы Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азияға 19 рейс орындалды. Жаңа бағытпен Lufthansa Cargo (Германия), Cargolux (Люксенбург), Cargolux Italy (Италия), Nomad aviation (Швейцария), Western Global Airlines (США), Aerologic Cargo Airlines (Германия) сияқты авиакомпаниялар рейстер орындауда.
Т916 әуе кеңістігі трассасының жалпы ұзындығы 2187 шақырымды құрайды, оның ішінде борттар 437 шақырым Өзбекстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланса, қалған 1750 шақырым Қазақстан Республикасының аумағының үстімен өтеді.
Айта кету керек, Т916 әуе қозғалысына қызмет көрсетудің жаңа бағыты Өзбекстан Республикасының авиакомпаниялары мен аэронавигациялық провайдері – «Узаэронавигация» МУК ұсынысы бойынша ашылды. Бұл бағыт ИКАО-ның таңдаулы бағыттарының каталогына енгізілді.












