Авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі Комиссия «қара жәшіктерді» Бразилияның CENIPA орталығына жіберу туралы шешім қабылдады.
Еуразия Тудейдің ҚР Көлік министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев басқаратын авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі Комиссия Чикаго конвенциясының 13 қосымшасы негізінде, сондай-ақ, ИКАО ұсынымдарын ескеріп және Әзербайжан мен Ресейдің авиациялық билік өкілдерімен кеңесе отырып, борттық өздігінен жазғыштар — «қара жәшіктерді» Embraer әуе кемесін шығарушы Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жіберу туралы шешім қабылдады.
CENIPA орталығында қажетті техникалық мүмкіндіктер қарастырылған, тиісті құралдармен жабдықталған және оларды оқу үшін сертификатталған зертхана бар.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша желтоқсанның 25 күні Қазақстанның батысындағы Ақтау қаласының маңында «Баку-Грозный» бағытындағы Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі Embraer 190 Embraer 190 ұшағы апатқа ұшырады.
Бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі, соның ішінде 37 Әзірбайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған. Солардың ішінде 29 адам тірі қалды.














