Ресей Президенті Владимир Путин Әзірбайжан Президенті Илһам Алиевтен осы ел ұшағының апатқа ұшырауына байланысты кешірім сұрады.
Еуразия Тудейдің ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Путин Алиевке телефон соғып, Ресейдің әуе кеңістігінде орын алған оқиғаға байланысты кешірім сұрады.
Путин қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тіледі. Путин мен Алиев телефон арқылы сұхбатта апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағына қатысты мәселені егжей-тегжейлі талқылады.
Телефон сұхбаты Ресей тарапының бастамасымен болды.
25 желтоқсан күні Azerbaijan Airlines ұшағы Баку-Грозный рейсін орындау кезінде Ақтауда апатқа ұшырады.
Қазақстан Көлік министрлігінің мәліметінше, бортта 5 экипаж мүшесі мен 62 жолаушы, оның ішінде 37 Әзірбайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған.



















