Иранның шикізаттық емес тауарлар экспорты 43 миллиард 140 миллион долларға жетті.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иранның кеден қызметінің басшысы Форуд Асқари елінің 9 айдағы сыртқы саудасы туралы есеп беріп, шикізаттық емес тауарлар экспортының 43 миллиард 140 миллион долларға жеткенін мәлімдеді.
Форуд Асгари сенбі күні: «Аталған кезеңде еліміздің шикізат емес тауарлар экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18 пайызға артып, 43 миллиард 140 миллион долларға жетті. Еліміздің импорты, оның ішінде алтын құйма импорты, 50 миллиард 889 миллион долларды құрады»,- деді.
Асқаридің айтуынша, бұл кезеңде елінің импорт көлемі 3,16 пайызға азайып, 27 миллион 941 мың тоннаны құрады.
Асқари ағымдағы жылдың 9 айында шикізаттық емес тауарлар экспортының көлемі 116 миллион 348 мың тоннаны құрағанын, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,77 пайызға артық екенін айтты.
Иранның кеден қызметінің басшысы сөзінің жалғасында: «Ағымдағы жылдың 9 айында экспорттық тауарлардың бір тоннасының орташа кедендік құны 3,74 пайызға өсіп, 371 долларға жетті», — деді.
Экономика министрінің орынбасары әрі кеден қызметі басшысының айтуынша, осы кезеңде жалпы құны 19,7 миллиард доллар болатын 50,7 миллион тонна мұнай-химия өнімдері экспортталған. Бұл салмағы бойынша 33,25 пайызға, құны бойынша 32 пайызға артық.
Иранның кеден қызметінің басшысы биылғы жылдың 9 айындағы елінің ең ірі экспорттық бағыттарына тоқталып: «Осы кезеңдегі негізгі экспорттық бағыттар бойынша Қытайға 11 миллиард, Иракқа 9,4 миллиард, БАЭ-не 5,3 миллиард, Түркияға 5,2 миллиард, Ауғанстанға 1,7 миллиард, Пәкістанға 1,7 миллиард, Үндістанға 1,4 миллиард доллармен тауар экспортталды”,- деп мәлімдеді.


















