Қазақстанның Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Минскте өткен кеңес отырысында төрағаның өкілеттіктерін Беларусь Ішкі істер министрлігінің басшысы Иван Кубраковқа тапсырды.
Еуразия Тудейдің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Минскте ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ішкі істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті. Қазақстандық делегацияны Ішкі істер министрі Ержан Саденов басқарды.
Отырыс барысында Ержан Саденов әріптестеріне Түркістанда өткен отырыста қабылданған шешімдердің орындалуы туралы хабарлады. Іздестіру жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру, ұйымдасқан қылмысқа, есірткі бизнесіне және киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ жол қозғалысы және теміржол объектілерінде қауіпсіздік деңгейін арттыру мәселесі қаралды.
Достастық елдерінің ішкі істер министрліктері қызметінің негізгі бағыттары бойынша ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Шараға Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстанның ішкі істер министрліктерінің, ТМД Атқарушы комитетінің, ТМД-дағы ұйымдасқан қылмысқа және қылмыстың өзге де қауіпті түрлеріне қарсы күресті үйлестіру бюросының және ТМД-дағы терроризмге қарсы орталықтың өкілдері қатысты.












