Астанада 24-26 қыркүйек аралығында Әзірбайжан Республикасының Мәдениет күндері өтеді.
Еуразия Тудейдің ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз орталығына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Әзірбайжан Президенті Илһам Алиевтің Қазақстанға ресми сапары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің қарым-қатынасын нығайтуда мәдениет саласындағы өзара іс-қимыл ерекше рөл атқаратынын баса айтып, өзара Мәдениет күндерін өткізу туралы келісім жасалды.
Қыркүйектің 24 күні «Физули-530» кітабының тұсаукесері және этно-джаз концерті өтеді.
25 қыркүйек күні Қазақстан мен Әзірбайжанның ұлттық кітапханалары арасында меморандумға қол қою, Эльмира Ахундова кітабының тұсаукесері, сонымен қатар «Әзірбайжан өнерінің жауһарлары» атты көрменің ашылу салтанаты және би ансамблінің концерті өтеді.
Қыркүйектің 26 күні Әзірбайжанның заманауи өнері және Томирис иконографиясы туралы дәрістер өткізіледі.
Әзірбайжан Республикасының Мәдениет күндерінің басты іс-шарасы бейсенбі күні Қ.Қуанышбаев атындағы Ұлттық музыкалық-драма театрында өтеді. Гала-концертте Әзірбайжанның халық әртістері өнер көрсетеді.
Еске сала кетейік, Әзірбайжанда Қазақстан Республикасының Мәдениет күндері 2023 жылдың желтоқсан айында Баку қаласында өтті.



















