Қазақстанда бүгін екінші және үшінші Лу Бань зертханаларының ашылу рәсімі өтті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Лу Бань зертханаларының ашылу рәсімі 30 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің жоғары деңгейдегі келіссөздерінен кейін өтті.
Бұл жоба Лу Бань зертханасының тәжірибесін тарату жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында іске асырылды. Ол экономиканың түрлі секторы бойынша тәжірибеге бағдарланған оқыту мен маман даярлауды көздейді.
Екінші зертхана Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, ал үшіншісі Алматы қаласындағы Логистика және көлік академиясында ашылды.
Лу Бань зертханасы елімізде алғаш рет инженерлік-техникалық білім беруді дамытуға арналған алаң ретінде 2023 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде құрылған болатын.
Лу Бань зертханасы – аймақ елдері мен Қытай арасында білім мен дағдыларды алмасу үшін «Белдеу және жол» бастамасы аясында Қытайдың қолдауымен құрылған орталықтар желісі.












