Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі SHAIQAS 2026 чемпионатын өткізеді.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі ұшқышсыз жүйелер, жерүсті робототехникасы, кибертехнологиялар және тактикалық дайындық салалары бойынша SHAIQAS 2026 чемпионаты өтетінін хабарлады.
Бұл – Қазақстандағы қос мақсаттағы технологиялар саласындағы ұлттық акселерациялық бағдарламаның операторы Defence Tech Center ұйымдастыратын маңызды іс-шара.
Чемпионаттың мақсаты – болашағы зор инженерлік командаларды анықтап, олардың әзірлемелерін өнеркәсіпке енгізуге қолдау көрсету.
Чемпионатқа 5-тен 15 адамға дейінгі аралас инженерлік командалар қатыса алады. Командалар жоғары оқу орындарының, инженерлік мектептердің, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және Қарулы күштер бөлімшелерінің қолдауымен құрылады.
Чемпионат бағдарламасы төрт бағыттан тұрады: «аспан», «жер», «киберқауіпсіздік» және «тактикалық финал».
Жалпы жүлде қоры 10 миллион теңгені құрайды.
Жоба Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің стратегиялық қолдауымен жүзеге асырылады.












