Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Шығыстану факультетінде Иранның “Дарваг” дәстүрлі музыкалық тобы өнер көрсетті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, сәрсенбі, 11 ақпан күні Шығыстану факультетінде Алматыдағы Иранның Бас консулдығының ұйымдастыруымен Иранның “Дарваг” дәстүрлі музыкалық тобы өнер көрсетіп, дене шынықтыру мен рухани төзімділікті біріктіретін жаттығу жүйесі — “зурхане” таныстырылды.
Сонымен қатар, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Шығыстану факультетінде Иранның ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген нысандары туралы фотокөрме ұйымдастырылды.
Шарада Алматыдағы Иранның Бас консулы Сона Ахмади ханым, Иран Ислам Республикасы Бас консулдығы жанындағы Мәдени өкілдіктің басшысы Хоссейн Ағазаде, Шығыстану факультетінің деканы Эгамбердиев Мырзахан Шарипбайұлы және Алматыдағы Иран Бас консулдығының саяси мәселелер бойынша сарапшысы Сомайе Мохтари ханым сөз сөйлеп, екі ел арасындағы байланыс, шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби және фотокөрме туралы қысқаша баяндама жасады.
Иран Ислам революциясы жеңісінің 47-ші жылдығына орай ұйымдастырылған шараға Шығыстану факультетінің оқытушы-профессорлық құрамы, докторанттар мен магистранттар және студенттер қатысты.
Дайындаған: Әтейбекова Н.Т.












